Сейсенбі, 23 сәуiр, 14:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық көлік жүргізушілері орын алған құқық бұзушылықты бейнеқоңырау арқылы «102-ге» жолдай алады

26.01.2023

696 0

«Қызылорда» автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізушілеріне қалаішілік бағыттарда қоғамдық көліктердін қатысуымен орын алатын жол жүру ережелерін қатан сақтау және болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы жиын өткізілді.

Түсіндірме жұмыстарын Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Оспанов Азамат Айдуллаұлы, Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының(ЦОУ) бастығы, полиция подполковнигі Ерімбетов Берікбол Жалғасбайұлы, облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Сейдалин Олжас Сейдалыұлы және «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қауіпсіздік қызметі бойынша директор орынбасары Әмірбек Шаймағанбетов жүргізген болатын.

Жиын барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері автобус жүргізушілеріне тәртіпсіздікке әкеліп соқтыратын жол жүру ережесін өрескел бұзуға жол бермеу, жылдамдық режимің сақтау, басып озу, қарсы бағытқа шығу секілді жол жүру ережелерін қатан сақтау керектігін айтып өтті. Және де жүргізуші мен жолаушы арасында келеңсіз оқиға орын алған сәтте жүргізуші сыпайылық танытып жанжалға жеткізбей «Қоғамдық көлік және жолаушы» мәдениетін арттыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілеріне «102» мобильдік қосымшасының артықшылықтары түсіндірілді. Жүргізуші осы қосымша арқылы оқиға орнынан жіберілген қысқа хабарлама, фото, видео арқылы жедел басқару орталығының операторлары орын алған құқық бұзушылықты өз көзімен көріп, жедел полицейлерді бағыттайды. Сонымен қатар, бейнеқоңырау жасауға болады. Бұл ретте жедел полицейлер қоңырау шалушының орналасқан жеріне жөнелтіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: