Жұма, 03 мамыр, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қатты аяздан көлік қозғалысы шектелді

11.01.2023

469 0

ҚазАқпарат – Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан «Самара-Шымкент» тас жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ауа-райы нашарлаған. Қатты аяз болып тұр.

«Осыған байланысты 11 қаңтарда елорда уақытымен 20:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1343 шақырым аралығына дизельді және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданының орталығына дейінгі аралықты қамтиды», – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын да Қызылорда облысында бірқатар жол бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: