Дүйсенбі, 22 шiлде, 23:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Сібір жарасынан сақ болыңыз

06.09.2023

378 0

Күйдіргі – адамдар да, жануарлар да ауыратын жіті, аса қауіпті инфекциялық ауру.Оның қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы (Bacillus anthracis). Микроорганизмнің ерекшелігі – топырақта бірталай жылға дейін тіршілік ету қабілетін сақтай алатын споралардың пайда болуы.

Күйдіргі ауруының көзі – үй жануарлары (ірі қара, қой, ешкі, түйе, шошқа, жылқы).

 Ауру зақымдалған тері арқылы, сирек жағдайда тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықтары мен асқазан-ішек жолдары арқылы жұғады.

Аурудың механизмі тіндердің ісінуі мен жансыздануын тудыратын қасиеттері бар экзотоксин қоздырғышының пайда болуымен байланысты.
Сібір жарасының түрлері:

• тері түрі – қоздырғыш енген жердегі теріде жазылмайтын жара пайда болады.
• өкпе түрі – ауыр пневмонияның дамуымен сипатталады.
• септикалық түрі – қоздырғыш қанмен бүкіл ағзаға таралады, ең ауыр түрі.            Емдеудің заманауи әдістері осы аурудың қолайсыз нәтижелерінің айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді, сондықтан медициналық көмекке уақтылы жүгінген маңызды.

Облыста сібір жарасы ауруынан 60 стационарлық-қолайсыз нүктелер және 68 сібір жарасы ауруының топырақтық ошақтары тіркелген.

Қызылорда облысында 2023 жылы сібір жарасы немесе оған күдікті жағдайлар адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында тіркелген жоқ. Соңғы жағдай 2008 жылы Шиелі ауданында тіркелген.

Күйдіргі ауруының алдын алу мақсатында келесідей сақтық шараларын ұсынамыз:

– ет және ет өнімдерін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына бақылау жүзеге асырылатын рұқсат етілген сауда орындарынан (ресми базарлардан, дүкендерден, сауда орталықтарынан) ғана сатып алу;

– ет және ет өнімдерін кездейсоқ адамдардан сатып алмау;

– тамақ дайындау кезінде және пісіру кезінде шикі еттің дәмін татпау, ет пен ет өнімдерін мұқият қайнатып, қуыру, міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізіп барып пайдалану;

– үй жануарларын бағу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді сақтап, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану;

– егер ауру жануармен байланыстан кейін (бағу, сою, бөлшектеу және т.б.) дене қызуының көтерілуі, терінің қызаруы, жаралардың пайда болуы байқалса, дереу жақын жердегі медициналық ұйымға дәрігердлік көмекке жүгіну керек. Өзін-өзі емдеуге болмайды, өйткені бұл аурудың асқынуына әкелуі мүмкін және өлім қаупін арттырады.

– малды тек алдын ала ветеринариялық тексеруден кейін ғана сою керек.

– үй жануарларына күйдіргіге қарсы профилактикалық вакцинациялау жүргізу керек.

–  рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерде, стационарлық қолайсыз

пункттерде мал жаюға жол бермеу;
– аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық

көмекке жүгіну керек, өйткені емдеу неғұрлым ертерек басталса, нәтижесі соғұрлым жақсы болады.

Ауылшаруашылығымен,  мал шаруашылығымен шұғылданатын, мал ұстайтын азаматтар арасында төрт түлікке сібір жарасына немесе басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация салдырмау, ветеринария мамандарының тексеруінсіз ауырған малдың етін  бірнеше үйге таратып беру жағдайларының болып тұратыны жасырын емес.  Мұның салдары аса қауіпті жұқпалы  сібір жарасының таралып кетуіне әкеліп соқтыруы әбден  мүмкін. Сондықтан сақтық шараларына мұқият болыңыз. Есіңізде болсын: сібір жарасы өте қауіпті инфекциялар санатына жатады!

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

Динара Жанабергенова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: