Дүйсенбі, 06 ақпан, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10 (1917)
04.02.2023
PDF мұрағаты

Әйелдер 61 жастан зейнетке шығатын болады – Сенатта жаңа заң қабылданды

08.12.2022

227 0

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деп бекітілмек. Бүгін Сенат отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі таныстырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру үшін заң жобасы аясында әлеуметтік блокты шешетін мынадай түзетулер енгізілді:

1) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу;

2) ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу.

3) әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту;

4) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.

Сондай-ақ, заң жобасында мынадай ұғымдарды заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылады: жастардың даму индексі, уақытша жұмысқа орналаспаған жастар, жастармен жұмыс жөніндегі маман, жастардың еңбек жасақтары.

Құжат аясында «жастар» ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді. Бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер береді.

“Екіншіден, жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған түзетулер көзделген. Айта кету керек, мемлекеттік органдардың мемлекеттік стратегиялық жоспарлау құжаттарына, оның ішінде аймақтарды дамыту бағдарламаларына жастармен жұмыс бойынша нақты индикаторлар, бағалау критерийлері және күтілетін нәтижелер енгізіледі”, – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

“Жастарымыздың білім алуы, жұмысқа орналасуы, денсаулығы, өзін-өзі дамытуы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне толыққанды қатысуы үшін тең мүмкіндік пен қолайлы жағдай жасау – кезек күттірмейтін көкейкесті мәселе екені белгілі.

Заң жобасы сарапшылар мен қоғам белсенділері тарапынан талқыланды. Аталған заң жобасын қабылдау жастар саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймыз”, – деді Дархан Қыдырәлі.

Тағы да оқыңыз: