Сейсенбі, 23 шiлде, 18:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Қытай Тайваньға әскери ұшақ жіберді

18.09.2023

336 0

Фото: 9111.ru

Қытай Тайваньға 24 сағат ішінде 103 әскери ұшақ жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«17-18 қыркүйек аралығында Тайвань аймағына 103 PLA ұшағы мен тоғыз PLA кемесі жақындағаны айтылды. Анықталған ұшақтардың 40-ы Тайвань бұғазының орта сызығын кесіп өтіп, Тайванның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймақтарына кірді», – делінген хабарламада.

Әскери департамент Тайвань қарулы күштері Қытай күштерінің қозғалысын бақылап отырғанын, ұшақтар мен әскери кемелер дайындыққа қойылғанын атап өтті. 

«ҚКП армиясының жалғасып жатқан әскери әрекеттері шиеленістің күшеюіне, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздіктің нашарлауына әкелуі мүмкін. Біз Пекинді біржақты деструктивті әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырамыз», – деді Тайвань қорғаныс министрлігі.

Тайвань билігі АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси өткен жылдың тамызында Тайваньға барғаннан бері Қытай әскерлерінің аралға жақындағаны туралы үнемі хабарлап келеді. Қытай тарапы Тайваньды өз территориясы деп санайды. Сондықтан басқа елдердің ресми тұлғаларының сапарларын оның тәуелсіздігін қолдау ретінде қарастырады.

19 тамызда Қытай әскері «сепаратистер мен шетелдік күштер» арасындағы «келіссөзге» байланысты «қатаң ескерту» ретінде Тайвань төңірегінде жаттығуларын бастады. Бұған аралдың президенттігіне үміткер вице-президент Лай Циндэнің Парагвайға сапары кезінде мәлімдемесі, содан кейін транзитпен АҚШ-қа барғандығы себеп болды.

«Тайвань қазірдің өзінде Қытай Республикасы деп аталатын егемен, тәуелсіз ел. Ол Қытай Халық Республикасының құрамына кірмейді. Қытай Республикасы мен Қытай бір-біріне бағынбайды. Тәуелсіздікті жариялаудың қажеті жоқ», – деді Лай. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: