Сенбі, 06 шiлде, 09:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Әпкесі туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

18.09.2023

457 0

Қазақстанда адам саудасына байланысты 30 қылмыс анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kzPolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасы бойынша үш дерек, жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша үш дерегі, адам саудасы бойынша  екі дерек, адам органдары саудасы бойынша екі дерек, жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша үш дерек бар.

Мысалы, Атырау облысында полиция қызметкерлері осындай деректердің бірін ашқан. 1998 жылы туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Өзбекстан Республикасының тумасы анықталған. Бастапқы тексеріс барысында 2021 жылғы мамырда күдікті жәбірленушіні Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, содан кейін Атырау қаласына алып келіп, азық-түлік дүкенінде сатушы ретінде жұмысқа ұсынғаны анықталды. Бірақ келгеннен кейін құжаттарын алып, физикалық күш көрсеткен және оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 308-бабы тіркелген, тергеу жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: