Жұма, 11 қазан, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Пандемия денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп берді – ҚР Президенті

21.05.2021

2523 0

Пандемия жаһандық және елдік деңгейде денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Бұл туралы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, міне 1,5 жыл бойы пандемия бізге жүзбе-жүз жүздесуге мүмкіндік бермей отыр. Дегенмен, бұл жайт біздің бірлескен жұмыстарымыздың сапасына кедергі келтіре алмайтындығы қуантады. Елдерімізде жүзеге асырылып жатқан вакцинация мен өзге іс-шаралар таяу уақытта ахуалдың тұрақтануына мүмкіндік беріп, келесі отырысты дәстүрлі форматта өткізетіндігімізге сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, пандемия және онымен байланысты іс-шаралар жаһандану процесін үзіп, әлемдік шаруашылық тәртіптің құрылымын өзгертті. Әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда-экономикалық жанжалдар күрделі жағдайды күрделендіре түсуде.

«Осылайша, әлемдік қоғамдастық біршама күрделі сын-тегеуірінмен, міндеттермен бетпе-бет келіп отыр. Пандемия жаһандық және елдік деңгейде денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп бергені анық. Екінші жағынан, ол экономиканың жекелеген салаларының – фармацевтика өнеркәсібінің, медициналық қызмет саласының, биоинженерлік және цифрлық технологиялардың дамуына тың серпін берді. Осынау жаңа жағдайларда біз барынша өзекті мәселелердің – экономикалық дағдарыс салдарын қалай еңсерудің, экономика дамуының қалпына келу жолына шығудың тиімді шешімін табуымыз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: