Сенбі, 06 шiлде, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Оқушы мектепке жарылғыш зат қойғанын айтып бопсалаған

19.09.2023

201 0

Сурет сюжеттен скринделген

Таразда сабаққа барғысы келмеген 8-сынып оқушысы “мектепке жарылғыш зат қойдым” деп, жауапты мамандардан 10 миллион теңге ақша сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жарылыс туралы хабарламаны оқушы білім басқармасының телеграм бот желісіне жолдаған.

Бұл хабарламадан соң саперлер мектеп ішін түгел тінтіп шыққан. Бірақ ғимараттан ешқандай қауіпті, жарылғыш затты таппаған.

Оқиға түнде болғандықтан ешкімді эвакуациялаудың қажеті туындамаған.

Кейін жарылғыш зат қойдым деп ол үшін 10 миллион теңге бопсалаған баланың сегізінші сынып оқушысы екені анықталды. Кәмелет жасына жетпеген оқушының әрекеті үшін енді ата-анасы жауапқа тартылуы мүмкін.

Қолданыстағы заңда мұндай әрекетке әбігерден келген шығын өтеліп, қылмыстық іс қозғалып, әкесін бас бостандығынан айыру да көзделген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: