Жұма, 19 сәуiр, 01:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Түркияда өткен халықаралық білім байқауының жүлдегерімен кездесті

23.08.2021

875 0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Түркияда өткен халықаралық білім байқауының жүлдегері Ерасыл Сапарбековпен кездесті. Талантты жас география пәнінен онлайн форматтағы халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері атанып, Сыр елінің абыройын асырды.

Кездесуде аймақ басшысы Сыр елі үшін тамыз айының жемісті болғанын тілге тиек етіп, Токио олимпиадасынан қола жүлде әкелген жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаевтан кейін Ерасылдың олжалы оралғанын атап өтті. Бұл Сыр елінің ғана емес, ел мерейін асырған ерекше сәт деп жас өренге ақжолтай тілегін арнады.

– Ең алдымен Өзіңді онлайн форматта өткен Түркия жеріндегі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Әлем елдерінің 160-тан астам дарынды жастары қатысқан білім додасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, қола медаль иелену, шын мәнінде, үлкен жетістік. Бұл сенің талай жылдардан бергі талмай ізденгеніңнің нәтижесі, ата-анаң мен ұстаздарыңның ортақ жемісі. Бұл жүлдең біз үшін алтынмен тең.

Білім көгінде жұлдызың биіктен жарқырай берсін деген тілегімді білдіремін, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жүздесуде аймақ басшысы Ерасыл Сапарбековке аймақ абыройын асырып, білім додасында алға шыққаны үшін арнайы естелік сыйлықты табыс етті. Өз кезегінде жас өрен сенім білдіріп, қолдау көрсеткен Сыр жұртшылығына алғысын айтып, білім сынында бұдан да жақсы жетістіктерге жетіп, биік шыңды бағындыратынына уәде етті.

Айта кетейік, Ерасыл Сапарбеков №9 Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы. Осы кезеңге дейін халықаралық Әл-Фараби атындағы география пәнінен өткен онлайн олимпиаданың алтын медаль иегері. Облыстық, қалалық пәндік олимпиада жеңімпазы атанған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: