Сейсенбі, 23 шiлде, 20:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Адамға тіршілік не үшін керек?

24.09.2023

716 0

Тіршілік…. Адам баласы бұл жарық дүние есігін ашқаннан бастап тіршілік атаулы жұмбақ әлемге келеді.Абай атамыз айтқандай адам баласы өмірге екі түрлі көзқараспен келеді.Бірі ішсем,жесем десе,екіншісі көрсем,білсем деген ойда болады.Сонымен адамға тіршілік не үшін керек? Бұл сөздің шешуін тауып,лайықты дәлелдерді келтіру оңай іс емес.Осы сұрақ бойыншы айтып кеткен ойшыл қариялары да арасында жауап табылады ма деп те ойлайсың.Бұрынғыдан қалған сөздің мағынасы көп,ойлары терең.Бұрынғылар:《Жақсылықты басына қыл,басыңнан асса досыңа қыл》 -деген.

Менің ойымшы адамдар өмірге барынша Жақсылық жасауға келетін секілді.Әрине,әрбір адам жақсылықты біледі,бірақ әртүрлі түсікпен түсінеді.Қазірдің өзінде көкейтесті мәселе,адамдардың бір-бірімен жақсылық жасамауында.Бұл заманда досына жақсылық қылған адамдар кемде-кем шығар.Мүмкін заман өзгерді ма ,адам өзгерді ма? Белгісіз.Әдетте,адамдарға жан берілгеннен кейін,олар ғұмырларын жеп-ішіп,ұйықтап тұру мен ғана болмауы керек.Адамзатқа ақыл,білім,тіл,көз,дүние жүзін шарлайтындай күш қуат пен бірі-біріне сөйлеуге ғұрылары берілгеннен кейін,адамдарға тіршілік бекерге,босқа ғұмыр зая қылып өткізуге берілген емес.Көбіне адамдар өзіне берілген тіршіліктерін тиімді пайдаланбайды,жан-жағына нұрларын шашып жүрмейді.Ал бұрынғы заманға бір көз жүргізген бұрынғы қазақ қай заттан болса да,нәсіліне қарамай бәрі бірдей құрметте болады,бәріне қонақ ретінде де көрінеді.Бұл көріністі бағана айта кеткендер дос деген сөзге байланыстыруға болады.Қазақтардың айтқан сөздерін қарай адамдарға тіршілік барынша Жақсылық істеуге берілетін секілді.

Қорытындылай келсек,әрбір жан бір болмасын өзіне сұрақ қойыпты үйренді тиіс деп те санаймын . Әсіресе осындай ешкімнің қолына тие бермейтін барша ғұмырының неге,не істеу мен өткізгенін бір сәтке көз алдына елестету мүлде артық емес шығар.Ал өз тақырыбыма келетін болсақ,жауабы ретінде жақсылық десем,басқа адамдар үшін тіршілік туралы көз қарасы әртүрлі.Мүмкін байлық,махаббат,музыка немесе жүгі бітпес қиыншылық.Сондықтанда әрбір адам жұмбақ әлемге келгеннен кейін қолдарында келгендше жақсылықты да,өз қамында ойлап тұруы керек!
 
Жалғас Арайлым
І.Қабылов атындағы №12 IT мектеп-лицейінің
9 сынып оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: