Дүйсенбі, 08 шiлде, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Үйлену тойда қонақтар бір-бірін пышақтаған

02.10.2023

855 0

Қостанайда үйлену тойында қонақтар бір-бірін пышақтап кеткен. Болған жанжалға қатысқан адамдарды полиция ұстады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

1 қазанға қараған түні полицияға Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында бірнеше адам төбелесіп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Шақыруға дереу келген полицейлер Қостанай қаласы ПБ Солтүстік бөліміне 6 қатысушыны жеткізді. Іс жүргізу кезінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды.Салдарынан ер адамның бірі өзгеге пышақ салған. Жауап алынған 56 жастағы ер адам қасақана пышақтау фактісін жоққа шығармайды, делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан 27 жастағы жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды. Полиция ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі екі тергеуді бірден бастады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты, толық анықтап жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы Қостанай облысы ПД басшылығының бақылауына алынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: