Сәрсенбі, 01 мамыр, 14:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Армандар орындалады»: қазақстандық каскадерлер әйгілі Джеки Чанмен кездесті

05.07.2023

664 0

Қазақстанның «Nomad Stunts» халықаралық кәсіби каскадерлер тобы әлемге танымал актер, каскадер, режиссер әрі продюсер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы топ Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

«Армандар орындалады! Джеки Чанмен танысып, оның жаңа филімінің түсірілім алаңында болдық. Әзірге басқа ештеңе айта алмаймыз. Бірақ алдағы уақытта жақсы жаңалық күтіңіздер!», – деп жазды каскадерлер. Айта кетейік, «Nomad Stunts» каскадерлері «Disney» түсірген «Мулан», «Томирис», Netflix-тің «Корольге хат» фильміне, Киану Ривз басты рөлде ойнаған «47 ронин», «Неудержимые 2», «Рэкетир 2», «Анаға апарар жол» және «Шал» сынды фильмдерге түскен.

Жандарбек Күнғожин және Джеки Чан. Фото: instagram.com/nomadstunts

Топты 2000 жылы трюк қоюшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Күнғожин құрған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: