Жұма, 11 қазан, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Ғ.Қазантаев, қала әкімі: Қоғамдық көлік мәселесін реттеу керек

24.04.2021

2827 0

Жақында ғана қала әкімі қызметіне тағайындалған Ғанибек Қазантаев бүгінде белсенділік танытуда. Өз жұмысын алдымен тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдауған бастаған шаһар басшысы енді басты проблемаларды шешуге кіріскендей. Бұлай деуіміздің себебі апта басында ол «Қызылорда автобус паркіне» барды.

2013 жылы серіктестік аймақтың бас шаһарындағы тасымалдау сапасын жақсарту және көліктердің жұмысын жүйелі басқару мақсатында құрылған. Қазіргі кезге дейін 135 жаңа автобуспен толыққан, әлеуметтік маңызды деген 6 бағыттағы сыйымдылығы аз көлікті ауыстыруға мүмкіндік берген. Дегенмен көпшіліктен қаладағы қоғамдық көлік тарапына айтылатын сын мен ескертпе аз емес.

Жауапкершілігі көп қызметте жүрген жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрамындағы кей көліктер ұзақ мерзімді, күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Осы орайда қала әкімі бұл мекемеге қаладағы қоғамдық көлік жайын реттеуді тапсырды.

«Қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және қаламыздағы көлік қатынасын ретту мақсатында бұл олқылықтарды тез арада реттеу керек», – деп, шаһар басшысы мекеме басшыларына тез арада орындауды тапсырды.

Қазіргі кезде қалаішілік бағытта  25 және Қызылордаға жақын маңайға қатынайтын 8 бағыт бар. Яғни қаладағы 33 маршрут бойынша 585 автобус екі ауысыммен қызмет етеді және оның 135-і автопарктің теңгеріміндегі көліктер. Ал жеке тасымалдаушылармен келісім шарт негізінде 450 автобус халыққа қызмет көрсетуде.

Қысқасы, осы кезге дейін тұрғындардың сұранысында көш бастап тұрған мәселенің бірі болған «маршрут мәселесін» Ғанибек Қазантаев аз уақыт ішінде шешуді тапсырды. Қала басшысының «тез арада» дегені нақты қанша уақыт екені белгісіз, бірақ тапсырмаға орай көліктер ретке келтіріліп, қаланың кей аумағына қарай баратын арнайы бағыт пайда боларына халықтың сенімі мол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: