Дүйсенбі, 08 шiлде, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Гүлвираның текстиль бұйымдары

03.10.2023

274 0

Бүгінде нарықа төсек-орын жабдығын шығаратын фабриканың брендтері сан алуан. Кез келген адам қалтасына, талғамына қарай таңдап жүріп керегін таба алады. Базарға барсаң көздің жауын алатын төсеніш бұйымның түр-түрін көруге болады. Кейбірінің арзан болғанмен сапасы көңілге қонымсыз. Сапалысының бағасы шарықтап тұр.

Қызылордалық кәсіпкер Гүлвира Төлешбекова осы олқылықтың орнын толтырып, жергілікті өнімді шығаруға талаптанып, «Нұрай текстиль» бренді бұйымын жасап, көпшілікке ұсынды. Көп ұзамай сапасы  тамаша, қазақтың ерекше ою-өрнектерімен кестеленген төсек-орын тұтынушылар көңілінен шықты.

Кейіпкеріміз төсек-орын жабдықтарын өндіру саласында жаңа технологияны пайда­ланды. Ол кәсіпкерлікке 2014 жылы зергерлік бұйым сату арқылы келген. 2022 жылы кәсібін кеңейту туралы шешім қабылдап, өзі өндіруші болуды көздеп, жанында сауда үйі бар шағын цех ашты.

– Базарда сырттан әкелінген тауарлар сатылды. Қазір көпшілік қыз жасауына ерекше әдемі, қазақы ұлттық болмысымызға сай келетін бұйым іздейді. Ондай бұйымды табу қиын. Сондықтан көпшіліктің сұранысын қа­нағаттандыру мақсатында өзім цех ашуды жөн көрдім. Цех ашу үшін  «Қазақстан Халық банкінен» жылына 21,75%-бен несие алдым. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдар­ға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы ая­сында оның 5%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Соны­мен қатар қордың кепілдігі берілді, – дейді Гүлвира бізбен әңгімесінде.

Несие қаражатына өндіріске қажетті шикізат пен заманауи тігін жабдықтарын сатып алған. Жұмыс істеген 1 жыл ішінде «Нұрай текстиль» тоқыма нарығында орнығып, өнім түрлерін арттырып келеді. Цехта төсек-орын, әйелдер мен ерлерге арналған халаттар, сүлгі, төсек жапқыш, көрпе, жастық, жаялық, жастық қап, сейсеп, матрастар шығады. Сондай-ақ қыз жасауы мен өзге бұйымдар да экологиялық және табиғи материалдан тігіліп жатыр.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: