Жексенбі, 08 желтоқсан, 11:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

2022 жылы қандай өзгерістер болады?

27.01.2022

1295 0

Қазақстан үкіметі 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрлігі шикізаттық емес экспорт пен ішкі сауданы дамытуды көздейді. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуін тежеп отырады.

Білім және ғылым министрлігі біраз шараларды жоспарлап отыр.

Олар:

  • еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру;
  • мектепке дейінгі білім беру жүйесінде көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарды күшейту;
  • жұмсалатын қаражаттың тиімділігін арттыру;
  • өңірлерге үздік педагогтерді тарту;
  • оқушыларға қауіпсіз жағдайлар жасау;
  • ерекше қажеттіліктері бар балаларға коррекциялық қолдау;
  • қосымша білім алуды қолжетімді ету.

Ал мәдениет және спорт министрлігі биыл мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуді күшейтеміз деп отыр. Бұдан бөлек, бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі.

Атап айтқанда:

  • спорт секциялары мен спорт нұсқаушыларының санын ұлғайту;
  • әуесқой клубтар желісін кеңейту;
  • спорт ғимараттарын салу және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу;
  • спортшылар мен жаттықтырушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту;
  • бұқаралық спортты, бірінші кезекте балалар спортын дамыту.

Туризм саласында 192 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі халық пен бизнестің сұраныстарын ескере отырып, мемлекеттік органдардың өзекті деректерді ашуына ықпал етеді.

Ал денсаулық сақтау министрлігі, бірінші кезекте, ауылдық жерлерде халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамытуға баса көңіл бөледі.

Нақты шаралар:

  • ауылдарда 80 медицина нысанын ашу;
  • жылжымалы медициналық кешендер арқылы 3 млн-нан астам консультативтік-диагностикалық қызмет көрсету;
  • 70 гериатриялық кабинет ашу арқылы егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту;
  • «Аңсаған сәби» бағдарламасы ары қарай жалғастыру;
  • 8 балаларды оңалту орталығы мен 2 ерте қолға алу орталығын ашу.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 700 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды көздейді.

Энергетика министрлігі ішкі нарықта электр энергия, сұйылтылған және тауарлық газға деген сұранысты өтеуге тырысады.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған 2022 жылға арналған шаралар ақпараттық технологиялар бойынша білім алудың қолжетімділігін арттыруды, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G ұялы байланыс стандартын енгізуді, геостационарлық емес спутниктік топтамаларды пайдалану арқылы шалғайдағы ауылдарды интернетпен қамтуды көздейді», – делінген ресми хабарламада.

Премьер-министр Әлихан Смайылов бағдарламаның барлық тармағын практикалық тұрғыда іске асыру қажеттігін жеткізді. Сонда ғана халықтың тұрмыс сапасы жақсарады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: