Бейсенбі, 02 мамыр, 08:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Сіздер қоғамның қалдығысыздар»: Журналист Меруерт Әйтенова

31.08.2023

519 0

Журналист Меруерт Әйтенова “Көреміз” бағдарламасында ажырасқан әйелдерді тілдеп, оларды жек көретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әйтенова бағдарламада ажырасқан әйелдерді қоқысқа теңегені үшін НеМолчиKZ қорының басшысы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі оны сотқа беруге шақырды.

“Сен бақытсыз әйел, бақытсыз анасың. Бақытты көрмеген әйелсің. Бүкіл әлемнің алдында жылап отырсың. Ей, әйел, 4 баланың анасы, күйеуің саған төсектегі бақыттың дәмін көрсетті, неге оны соңына дейін ұстап қалуға тырыспайсың? Егер бәріміз күйеулерімізге бағынғымыз келмесе, демек жеңіл өмір сүргіміз келеді деген сөз. Демек, сіздер қоғамның қалдығысыздар. Мен ажырасқан әйелдерді жек көремін, тіпті олармен бірге отырғым келмейді. Миллиондаған әйел отбасын сақтау үшін шыдап жүр», – деді журналист.

Дина Таңсәрі әйелдерді қорлаған журналистің сөзіне шамданды.

«Бұл ханымның көздері ашу мен кекке толы, ал қарама-қарсы жақта көзінде оты жоқ, өмірден қажыған қыздар отыр. Бұл әйел келіп, мұндай айыптаулармен оларды одан сайын өшіруде”, – деді қоғам белсендісі.  

Ол Әйтенованың үстінен шағымданып, сотқа арыз жазуға шақырды.

“Неліктен әйелдер әрдайым бәріне кінәлі және қиын өмірге төзуі керек?! Неліктен бұл ханым тек ажырасқан әйелдерді жек көреді, ал ажырасқан ер адамдар туралы ештеңе айтпайды?

Сотқа барып, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлағаны үшін беріңіздер! Моральдық зиянды өтеп, көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етіңіздер! Жеке өзім мынаны көріп, жағымсыз эмоцияларды бастан өткердім, сенімдімін, сіздер де осыдан кейін қорландыңыздар, жүрегіңіз ауырды, жыладыңыздар. Осының бәрін тізіп, сотқа көрсетіңіздер!» – деді әйелдердің құқығын қорғаушы.

Желі қолданушылары да журналистің бұл пікірініне қарсы шықты.

“Өз қызың немесе немерең де ажырасып кетсе, олармен бір үстелдің басына отырмайсыз ба?”, “Жұбайы ажырасқан әйелмен сөйлескендіктен, ашулысыз-ау!”, “Сонда күйеуі ұрып-соқса, өлгенше дейін шыдау керек пе?” деп жазды қолданушылар.

Алайда арада оны қолдағандар да табылып жатты. 

“Өте дұрыс, расымен ешкімді тыңдамай, бетімен кеткендер бар. Оларды тоқтататын заң керек”, “Ажырасқан әйелдер отбасылылардың ойын бұзады” деп Әйтенованы қолдағандар табылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: