Дүйсенбі, 08 шiлде, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Автопарк 50 автобуспен толықты

16.10.2023

657 0

Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында  халық сұранысын өтеу мақсатында  бас шаһарға  50 автобус әкелді. Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  жаңа автобустардын кілтін табыстады.

– Жаңа автобустар өткен жылы келген автобустан сыйымдылығы үлкен. Заман талабына сай керекті жабдықпен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалған. Салқындатқыш құрылғысы бар.  Жолаушылар көлігі  халық сұранысына сай бағыттарға қосылатын болады. Осы жылдың аяғына дейін тағы 100 автобус ел игілігіне берілмек, – деді облыс әкімі.

Айта кету керек, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-на қарасты үлкен сыйым­дылықтағы автобустарда мүмкіндігі шек­теулі жандарға, ересектер мен оқушылар үшін QR-кітап оқуға қолайлы жағдай жасалған. Ал автобустардың келуін «2ГИС» және «ЯНДЕКС GO» ұялы қосымшасы арқылы бақылауға мүмкіндік бар.

– Аймақ басшысының қолдауымен қала­ішілік бағыттар халыққа қолайлы қоғамдық көлікпен толығуда. 2022 жылы серіктестік 5 бағыт бойынша қызмет көрсеткен. Бүгінде жолаушыларды 19 ба­ғыт бойынша тасымалдау қолға алынды. Автобустар халық сұранысына сәйкес бағытқа қосылатын болады. Серіктестіктің стратегиялық жоспары –  қала ішілік 34 ба­ғытты толықтай үлкен сыйымдылықтағы автобустармен қамту, – деді «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директоры Мақсат Жүсіп.

Бүгінде серіктестік  №1, 3, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 22, 25, 28, 29, 30, 31 қалаішілік бағыттары мен  «Ягодка», «ПМК-29» саяжайынан жолаушылар тасымалдауда.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: