Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Freedom bank филиалы ашылды

13.12.2023

1369 0

Бүгін Қызылорда қаласында Freedom bank филиалының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Freedom Bank директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмағұлов, қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев және қаржы саласының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Қызылордада Freedom bank филиалы ашылды

Freedom bank Қазақстанның қаржы нарығында 2021 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Freedom Bank директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмағұлов осы уақыт ішінде банктің елімізде баламасы жоқ цифрлық өнімдер әзірлеп нарыққа шығарғанын ерекше атап өтті.
– Біз Қызылорда қаласында банкіміздің филиалын ашқанымызға қуаныштымыз. Қазақстандықтардың көбі Freedom Bank-тің цифрлық өнімдерімен жақсы таныс. Банк өнімдерінің рекордтық көлемі олардың тұтынушыға ыңғайлы әрі тиімді екенін көрсетті. Цифрлық автокредит іске қосылғалы бері 20 мыңнан астам несие берілді. Банктің цифрлық ипотекасы өткен жылы «7-20-25 бағдарламасының көшбасшысы» марапатына ие болды. Бұл әрбір екінші ипотекалық несие Freedom Bank арқылы рәсімделгенін білдіреді. Мамыр айында «Жеке кәсіпкерлер үшін цифрлық кредит» онлайн өнімі іске қосылды. Бүгінгі таңда берілген несиелердің жалпы сомасы 117,6 млрд теңгеден асты. Бұл ретте біз клиентке бағдарланған банк ретінде кез келген ыңғайлы форматта онлайн және офлайн режимінде ынтымақтастық білдіреміз. Біз тұтынушының сенімін бағалаймыз және жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуге дайынбыз, – деді төраға кеңесшісі.

Қызылордада Freedom bank филиалы ашылды

Freedom bank тұтынушылары цифрлық ипотека және цифрлық автокредитті онлайн режимінде, құжат жинамай-ақ қысқа мерзімде рәсімдей алады. Сонымен қатар банк электрондық әмияндарға цифрлық құжаттарды қосуға мүмкіндік беру арқылы мультивалюталық депозиттік картаны, инвестор картасын, шағын және орта бизнеске арналған мамандандырылған өнімдердің кең желісін іске қосқан. Биыл банктің инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 100 млн теңгеге дейін толықтыруға арналған «ЖК үшін Цифрлық кредит» жаңа өнімі шықты.
Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қаржы нарығында банк өнімінің тиімділігі маңызды екенін жеткізді.
– Қазір тұтынушылар қызмет көрсету сапасы оңтайландырылған банкке жүгінгенді жөн көреді. Бүгін қаламызда ашылған Freedom bank цифрлық жүйеге қосылған банктердің бірегейі саналады. Банк өз кезегінде халыққа, ел экономикасына тиімді жобаларды жүзеге асырады деп сенеміз. Біз өз тарапымыздан қолдауға дайынбыз, – деді қала әкімінің орынбасары.
Бүгінде Freedom bank еліміздің 14 аймағында филиалын ашқан. Енді Freedom bank-тің қызылордалық тұтынушылары А.Байтұрсынов 80 мекенжайда орналасқан банк кеңсесіне келіп, шот ашу, жеке және заңды тұлғаларға несие беру, қолма-қол ақшаны басқару қызметтері, депозиттерді қабылдау, ақша аудару операциялары және шетел валютасы мен айырбастау операциялары сияқты банктік қызметтердің кең спектріне қол жеткізе алады. Банк сондай-ақ, сейфпен, электронды кезек жүйесімен және VIP тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған арнайы бөлмемен жабдықталған.
Филиалдың жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма 09:00-ден 18:00-ге дейін; сенбі, жексенбі – демалыс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: