Дүйсенбі, 22 шiлде, 22:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Назарбаев қол қойған жарлық

15.03.2021

1818 0

Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Президентінің Жарлығы

Көктемгі халықтық Наурыз мейрамы туралы

Жалпыадамдық құндылықтарды орнықтыру, республика халықтарының достығы мен бауырластығын нығайту, ежелгі халық дәстүрлерін жандардыру, сондай-ақ адам мен табиғаттық үйлесіміне қол жеткізу, оның шынайы имандылық рухында ізгілікті тазаруы мақсатында қаулы етемін:

  1. Көктемгі күн мен түннің теңесу күні – наурыздың 22-сі халықтық мереке – Наурыз мейрамы болып жариялансын.
  2. Халық депутаттарының жергілікті Советтеріне климаттық жағдайларды ескере отырып халықтық мереке – Наурыз мейрамын өткізу күнін өз бетімен белгілеу ұсынылсын,
  3. Қазақ ССР Министрлер кабинетін мен халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері көктемгі халық мерекесі – Наурыз меймарын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асырсын.
  4. Республика жұртшылығының 1991 жылғы наурыздың 16-сы мен сәуірдің 16-сы аралығында «Табиғат жарасымы» айлығын өткізу жөніндегі инициативасы қолдау тапсын.
  5. Бұқаралық хабарлама құралдары көктемгі халық мерекесі – Наурыз мейрамы мен «Табиғат жарасымы» айлығына дайындықтың барысы мен өткізілуін кеңінен жазып көрсетсін.

Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Президенті

Н. Назарбаев

Алматы, 1991 жылғы наурыздың 15-і

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: