Сейсенбі, 26 қаңтар, 21:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (1709)
26.01.2021
PDF мұрағаты

АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы бас консулы Арал ауданында болды

03.12.2020

83 0

Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Эрик Майермен кездесті. Кездесуге бас консулдың экономикалық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Брант Байнер мен көмекшісі Елена Перехода қатысты.

«Біз «ғасыр жобасы» – Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасына Америка Құрама Штаттары қаржылық қолдау көрсеткен Дүниежүзілік Банктің ірі инвесторы екендігін жақсы білеміз. САРАТС жобасының алғашқы кезеңінің сәтті жүзеге асуының арқасында теңізді өлкенің тұрғындары ата кәсібі – балық шаруашылығымен қайта қауышып, балық шаруашылығы дамып келеді. Қазіргі таңда теңіз айдынынан 22 түрлі балық ауланып, заман талабына сай жылдық қуаттылығы 19 мың тоннадан астам 8 балық зауыттары жұмыс жасауда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 1990 жылдары ауданда жылына 2000 тоннаға жуық балық ауланса, қазіргі таңда 8000 тоннадан астам балық ауланып, 3000 тоннаға жуық балық өңделіп отыр. Екі ел арасындағы ұзақ жылғы дипломатиялық қатынастардың тұрақты сақталуы мен дамуын қуана қолдай отырып, алдағы уақытта жемісті жұмыстарды жүзеге асыра береміз деп сенемін», – деді аудан әкімі.

Кездесу барысында өңірді дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының жүзеге асырылуы, инвестиция тарту, экономикалық ынтымақтастық, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету және экологиялық мәселелер сөз болды.

Өз кезегінде бас консул Эрик Майер жергілікті жердегі түйіткілді мәселелерді шешуге тиісті қолдаулар жасалатындығын жеткізді. Осы орайда аудан басшысы экономикалық тиімді бастамаларды қарастыруға дайын екенін айтты. Эрик Майер көрсетілген құрмет пен қонақжайлық үшін өз ризашылығын жеткізді.

Айта кету керек, аудан қонақтары күні ертең Арал ауданын кеңінен танып-білу мақсатында Көкарал бөгетіне барып, «ЭкоАрал» ғылыми-туристік орталығымен танысуды жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: