Бейсенбі, 09 мамыр, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Астана-Шымкент бағытындағы пойыз адамдарды басып кетті

22.01.2024

328 0

Сурет: massaget.kz

Астанадан Шымкентке бағытталған пойыз адамдарды басып кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Желідегі мәлімет бойынша, екі теміржол қызметкері қаза тапқан. 

21 қаңтар сағат 7:27-де Шығанақ-Шоу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды. Салдарынан екі қызметкер қайтыс болды.

Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқанымен, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

«Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тексеру басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді», – делінген ресми жауапта. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: