Жұма, 19 сәуiр, 04:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ұрланған жылқыны тапқан мамандар алғыс алды

08.11.2022

560 0

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне қала тұрғыны ұрлық әрекетінің құрбаны болғанын айтып арызданған. Анықталғандай, ұры қала шетінде орналасқан мал базар ішінен байлаулы тұрған жылқысын ұрлап кеткен.

Жедел –іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 36 жастағы ұры анықталып, ұсталды. 

Аталған дерек бойынша ҚР  Қылмыстық Кодексінің  188-1- бабының 1 – бөлігі 3 тармағымен (Мал ұрлығы) қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән – жайы анықталуда.

         Өз кезегінде малын  ұрлатып алған тұрғын полиция қызметкерлерінің атқарған қызметіне шынайы ризашылығын білдірді. «Мен жылқымды ұрлатып  алған болатынмын. Өз бетімше іздеп таба алмадым. Содан соң полицейлерге хабарласып, көмек сұрадым. Тез арада ақсайлық полицейлер жылқымды тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!»-деп алғысын айтты.


                    Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: