Сенбі, 27 сәуiр, 12:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Lexus көлігі аударылып, үш адам қаза тапты

21.08.2023

438 0

Қарағанды ​​облысында тас жолда Lexus көлігінің аударылып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«20 тамыз  күні сағат 19:45 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 770-ші шақырымында Lexus LX 470 көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан 46 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында, жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.

Факті полицияға тіркелді.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: