Дүйсенбі, 01 шiлде, 08:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Сырдария өзеніндегі су деңгейі бақылауда

28.01.2024

950 0

Жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзеніндегі су деңгейін тікұшақтан бақылап, дайындық жұмыстарымен танысты. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, қазір Шиелі ауданы, Қарғалы елді мекенінен 7 шақырым төмен «Таштоп» учаскесіне дейінгі Сырдария өзенінің иіндерінде мұз ұстасқан. «Төменарық» су бекетінде күр (шуга) жүруде.
Бұған дейін облыс аумағында 29 ықтимал су басу аймағы анықталған. Бұл аймақтарға қала және аудан әкімдіктері 364 арнайы техника және 1 102 адам күші бар 116 жауапты мекемені бекітті. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен жасалған келісім-шартқа сәйкес 1 тікұшақ дайындыққа келтірілген.
Биыл мұз жаруға және қап алуға облыс бюджетінен 14,8 млн. теңге бөлінді. Қала және аудан әкімдіктерінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, су тасқынына қарсы пайдаланылатын материалдық-техникалық қорда 117,9 тонна жанар-жағармай және 139 902 дана қап сақтаулы. Сондай-ақ, 17 710 бау қамыс, 5 865 дана пашын және 2 381 дана қарабура мен т.б. қажетті материалдар қоры жасақталған. Қажет болған жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 59 жинақтау және 69 қабылдау эвакуациялық пункті дайын.
Аймақ басшысы өзендегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, тиісті дайындық жұмыстарын уақытылы қолға алуды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: