Бейсенбі, 25 сәуiр, 17:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Түркияның СІМ Стамбұлдағы терактіден кейін АҚШ-тың көңіл айтуын қабылдамады

15.11.2022

493 0

Түркияның Сыртқы істер министрі Сүлейман Сойлу Стамбұл орталығында болған терактіден кейін АҚШ-тың көңіл айтуын қабылдамайтындарын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

«Біз шабуылдың қай жерде үйлестірілгенін білеміз. Бізге жіберілген хабарламаны алдық және хабардың не екенін білеміз. Біз Америка елшілігінің көңіл айтуын қабылдамаймыз. Біз ешкімге опасыздық жасамаймыз, бірақ бұдан былай оларға төзімділік танытпаймыз. Истикляль көшесі – біздің баламыз. Егер біз бүгін шабуылдаушыны ұстамағанымызда, ол бүгін Грекияға қашып кетер еді», – деді Түркия Сыртқы істер министрінің басшысы. Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер АҚШ президент әкімшілігінің сайтында мәлімдеме жариялап, Америка Құрама Штаттары Стамбұлда болған зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптайтынын айтқан еді. Америка билігі де қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтады. «Біз НАТО-дағы одақтасымыз Түркиямен лаңкестікпен күресте иық тірестіріп тұрмыз», – делінген хабарламада. Еске салайық, 13 қараша күні кешкі уақытта Стамбұл орталығындағы жаяу туристік Истикляль көшесінде жарылыс болды. Осы сағатқа дейін 6 адамның қаза тауып, 81 адамның жараланғаны белгілі. Кейін Сыртқы істер министрлігі Стамбұлдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: