Дүйсенбі, 22 шiлде, 21:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

9 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

09.02.2024

355 0

Сурет: kaz.nur.kz

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Жалғыздыққа ұмтылмаңыз, бұл жақсы тәжірибе болмайды. Егер өміріңізде ықпал етуді жалғастыратын біреу болса, бүгін оған уақыт бөліңіз және ол сізді қайда апаратынын көріңіз.

Торпақ

Бүгін жеке қарым-қатынас саласындағы маңызды күн. Сізде осы уақытқа дейін кейінге қалдырылған немесе басылған үміттеріңізді жүзеге асыру мүмкіндігі болады. Батылырақ болыңыз.

Егіздер

Қарым-қатынаста эмоционалдық тепе-теңдікті де сақтаңыз. Егер біреу сізді ренжітсе немесе қандай да бір себеппен қарым-қатынасты тоқтатуды шешсе, сүйіктіңізді кінәламаңыз.

Шаян

Сүйіктіңізге адал болыңыз және оның сезімдерімен ойнамаңыз.

Арыстан

Өзіңізді бағалауыңыз және сенімділігіңіз арта түседі. Қандай да бір мерекеде немесе салтанатты іс-шарада сүйіктіңізді жолықтыру ықтималдылығы жоғары. Ал егер сүйіктіңіз бар болса, оның махаббатқа адал жан екенін естен шығармағайсыз.

Бикеш

Егер сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңыз шырғалаңға түсіп, шешімін таппай жүрсеңіз, бір айға үзіліс алыңыз. Бәлкім, қарым-қатынасыңызды жақсартудың жолын тауып, сүйіктіңізге жаңа күшпен ораларсыз.

Таразы

Егер махаббат майданында тығырыққа тірелгеніңізді сезсеңіз, өзіңізді сырт көзбен бақылап, сынап көріңіз. Бұл жіберген қателіктеріңізді түсініп, кеш болмай тұрғанда барлығын жақсартуға көмектесері анық.

Сарышаян

Сүйікті адамыңыздың әрекетін бақылаңыз. Аса бір маңызы жоқ, ұсақ-түйек болып көрінген нәрселер нағыз проблемаға айналуы мүмкін.

Мерген

Кеше абай болыңыз, сүйіктіңізге ультиматум қоймаңыз. Қыңыр немесе агрессивті болмаңыз. Сонда ғана қарым-қатынасыңызды сақтап қаласыз.

Тауешкі

Бүгін сіз үшін маңызды сұрақтарға жауап табуға көмектеседі. Сүйіспеншілікте ұқсас сенім мен идеалдармен өмір сүретіндерді іздеңіз.

Суқұйғыш

Ғашығыңызды әдемі сөздермен баурап аламын десеңіз, қателесесіз. Кім де болсын, сөзден гөрі іспен дәлелдегенді ұнатады емес пе?

Балықтар

Бұл аптада қызғаныштан аулақ болыңыз, ол тек көп күш жұмсаған қарым-қатынасыңызды бұзады, тіпті қайта кездесуге де мүмкіндік бермейді. Эмоционалды тәуелділіктен аулақ болыңыз, оның сізге деген қызығушылығын жоғалтасыз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: