Жексенбі, 28 сәуiр, 03:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жол апатынан оқушылар мен мұғалім қаза тапты

19.12.2023

403 0

Сурет:Нұрболат Нұржаубай

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында жол апатынан екі оқушы мен бір мұғалім көз жұмды, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Қайғылы оқиға Самар-Шымкент тасжолының бойында, Қызылжар ауылының тұсында болған. Апатқа ұшыраған Toyota Alphard көлігінің ішінде 7 адам болған. Оның бесеуі – оқушы. Олар Жаныс би ауылынан Ырғызға олимпиадаға қатысу үшін бара жатқан.

«Алдына ала мәлімет бойынша және куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан үш адам қаза болған. Оның екеуі – оқушы, біреуі – педагог. Олар республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысу үшін жеке көлікпен шыққан. Басқарма тарапынан қатысушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бұйрық болды», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: