Бейсенбі, 25 сәуiр, 06:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

ҚХА Кеңесі ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады

19.03.2022

696 0

Елорда Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық институттарының және өңірлердің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын түсіндіру мен іске асыру мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары А.Ғ. Балаева, ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, уәкілетті органдар мен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктері мен ҚХА республикалық және өңірлік қоғамдық құрылымдарының басшылары қатысты.

Кездесуді Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары А.Балаева алғысөзінде Қазақстан үшін бұл Жолдаудың рөлі мен маңызы өте жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар, Жолдауда айтылған міндеттер тәуелсіз еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктерінің жиынтығына негізделгенін айтты. «Бұл Жолдау Президент Қасым –Жомарт Тоқаев Президент сайлауалды реформалардың дәйекті бағытының жалғасы», – деп атап өтті ол.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Деменьтева биылғы Жолдаудың тарихи маңыздылығына ерекше тоқтала отырып, Жолдауда берілген негізгі қағидаттарды жүзеге асыру үшін өз ұсыныстарын жектізді.

– Алдымен, Жолдауда белгіленген негізгі қағидаттарды жүзеге асыру үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясынан кадрлық резервін дайындау керек, «Қоғамдық келісім» үйлерінің аумағында Жолдауды талқылау үшін бірыңғай күн жариялап, Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауын жүзеге асырудағы этностардың қосқан үлесі туралы барлық этно-мәдени бірлестіктерде жиналыс өткізген жөн.«Қоғамдық келісім» үйлерінің аумағындағы «Жаңа Қазақстанды құру ісіне қосқан үлесім» атты этно-мәдени бірлестіктерінің республикалық акциясының басталуын жариялауды қолдаймын. Халқымыз «Бірлігі бекем ел озады» деп бекер айтпаған. Барлықтарымызды Президентімізді қолдап, еліміздің игілігі жолындағы жауапты жұмысты бірге жасауға шақырамын, – деп аяқтады сөзін.

Қоғам қайраткері Максим Рожин Президенттің бұл Жолдауы әрбір қазақстандыққа жаңа мүмкіндік ашатынын атап өтіп:

– Алдағы кезең, соның ішінде ҚХА үшін үлкен мүмкіндіктер кезеңі. Ассамблея үшін ғана емес әрбір қазақстандық үшін мүмкіндіктер кезеңі басталып жатыр. Бұл жолдаудан алдағы уақытта Жаңа Қазақстан ұлттық мүддеге негізделетінін жақсы түсіндім. Жаңа Қазақстанның әрқайсымыз бір-бір кірпішіміз. Оның дамып, гүлденуі өз қолымызда. Соңғы уақытта Ассамблеяға келіп жатқан сын жеткілікті, осы ретте айтатыным ҚХА өзін көрсетіп, медиа форматында, QOGAM LIFE секілді жобаларды жандандыру керек деп есептеймін, – деді.

Сөз соңында А.Балаева кеңестiң жеке мiнде pетiнде Ұлттық құpылыстың аyқымды әpi кешендi мәселелеpiн егжей-тегжейлi талқылап және оны сәyipде өтетiн Ассамблеяның кезектi сессиясының талқылаyына шығаpy қажеттiгiн айтып өттi.

ҚХА кеңесiнiң мүшелеpi өз сөздеpiнде ҚХА-ның кадpлық pезеpвiн ұйымдастыpy; бipлiк саясатын ақпаpаттық iлгеpiлетy мәселелеpiн талқылаy үшiн тұpақты жұмыс iстейтiн алаң pетiнде «ҚХА-медиа» шығаpмашылық зеpтханасын және QOGAM LIFE платфоpмасын құpy; Достық үйлеpiнiң базасында этномәдени бipлестiктеpдiң Жолдаyға қосқан үлесi бойынша «Әpкiмнiң Жаңа Қазақстанды құpyға қосқан үлесi» атты pеспyбликалық акциясын iске асыpy тypалы ұсыныстаp бiлдipдi.

Сондай-ақ Кеңесте азаматтаpға өз iсiн ұйымдастыpyға қолдаy көpсетyге бағытталған «Биiк аpманға шағын қадам» акциясы басталды.

Кеңес жұмысының соңында Ассамблея мүшелеpi Жолдаyдың мiндеттеpi iске асыpылып, Жаңа Қазақстанның мемлекеттiк құpылысында жаңа беттеp ашатынына сенiм бiлдipдi.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: