Құрылтай

Сәрсенбі, 22 шiлде, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беретін жаңа бағдарлама іске қосылды

22.07.2026

49 0

Коллаж: Kazinform/ Canva

Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға арналған жеңілдетілген несиелеудің жаңа «Жайлау» бағдарламасы іске қосылды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бағдарлама 300 басқа дейінгі ірі қара мал немесе 1 000 басқа дейінгі ұсақ мал өсіруге арналған жаңа мал шаруашылығы кәсіпорындарын құруды қолдауға бағытталған.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды, ал қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін белгіленген.

Қаржыландыру көлемі:

  • ірі қара мал өсіру жобалары үшін — 350 млн теңгеге дейін;
  • ұсақ мал өсіру жобалары үшін — 200 млн теңгеге дейін.

Бағдарламаға қатысты толық ақпаратты жергілікті Аграрлық несие корпорациясынан немесе Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан алуға болады.

Еске салайық, бұған дейін Премьер-министр асыл тұқымды мал басын сатып алу жұмысын жеделдетуді тапсырған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: