Таиландтың Бангкок қаласында су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды KAZINFORM
Қазақстандық жүзушілер жарысты 16 медальмен аяқтады. Оның алтауы — алтын.
Алтын медаль иегерлері:
- Александр Румынский — 100 метрге шалқалай жүзу;
- Даниил Чужинов — 200 метрге кешенді жүзу;
- 4×100 метрге аралас эстафета (А тобы);
- Александр Румынский — 200 метрге шалқалай жүзу;
- Анатолий Руденко — 100 метрге брасс әдісімен жүзу;
- Анатолий Руденко — 50 метрге брасс әдісімен жүзу.
Күміс медаль иегерлері:
- Александр Миронычев — 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу;
- Дарья Чеснокова — 50 метрге шалқалай жүзу;
- Федор Диденко — 800 метрге еркін стильде жүзу;
- 4×100 метрге аралас эстафета (В тобы);
- 4×200 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);
- Александр Миронычев — 50 метрге еркін стильде жүзу;
- 4×100 метрге аралас аралас (микст) эстафета (А тобы).
Қола жүлдегерлер:
- Федор Диденко — 400 метрге еркін стильде жүзу;
- 4×100 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);
- Даниил Чужинов — 400 метрге кешенді жүзу.
Айта кетейік, құрлық біріншілігіне Азияның әртүрлі елдерінен жас санатындағы спортшылар қатысып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
