Құрылтай

Жексенбі, 26 шiлде, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55 (2267)
25.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандық жас шахматшылар Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды

26.07.2026

36 0

Фото: ұйымдастырушылардан

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен 28th Asian Youth Chess Championships 2026 жарысында қазақстандық жас шахматшылар жоғары нәтиже көрсетті. Ел құрамасы турнир қорытындысы бойынша 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде бар, – деп хабарлайды  kursiv.media

Классикада екі қазақстандық Азия чемпионы атанды

Чемпионаттың классикалық шахмат бағдарламасында Қазақстан қоржынына екі алтын медаль түсті.

Азия чемпионы атанғандар:

  • Әдінур Әділбек (O10);
  • Рамазан Төлеген (O12).

Бұл Әдінур Әділбектің турнирдегі екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін ол рапид бағдарламасында топ жарған еді.

Классика бойынша қола медаль иеленген қазақстандық спортшылар:

  • Милана Филиппова (G12);
  • Алишер Әбдісаттар (O14).

Рапидте тағы екі алтын жүлде

Жарыстың рапид бағдарламасында да қазақстандық шахматшылар үздіктер қатарынан көрінді.

Алтын медаль иегері Мақсат Байсалбеков (O14) атанса, қола жүлде Амалия Едрешева (G10) мен Алишер Әбдісаттарға (O14) бұйыды.

Блицте Қазақстан құрамасы үш медаль алды

Чемпионаттың соңғы кезеңі  блиц (3+2) жарысында қазақстандықтар тағы үш жүлдеге қол жеткізді.

Азия чемпионы атанғандар:

  • Нұрали Нұршин (O10);
  • Мария Холявко (G18).

Күміс жүлдені:

  • Нұрмұхамед Елемес (O10) иеленді.

Қола медальдар:

  • Рамазан Төлегенге (O12);
  • Дінмұхаммед Төлеңдіновке (O16) бұйырды.

Қазақстандықтар былтырғы нәтижеден асып түсті

Осылайша, классика, рапид және блиц бағдарламалары бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 13 медаль жеңіп алды.

Шэньчжэньдегі Азия чемпионаты 16–24 шілде аралығында өтті. Турнирге 30 ел мен аумақтан шамамен 900 жас шахматшы қатысты. Салыстырмалы түрде, өткен жылы Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алған болатын. Оның бесеуі алтын жүлде еді. Биылғы нәтиже Қазақстан жас шахматшыларының Азия деңгейіндегі жетістігін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: