Құрылтай

Сәрсенбі, 22 шiлде, 19:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық банк жалған банкноталардың ең көп таралған номиналын атады

22.07.2026

43 0

Фото: pexels

Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта 259 400 теңгенің 57 жалған ақша белгісін (49 банкнота және 8 монета) анықтады. Бұл 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 68,4%-ға аз (96 жалған ақша белгісі), – деп хабарлайды KAZINFORM

Көбіне номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан жасалған — 22 дана, анықталған жалған ақшалардың жалпы санының — 38,6%-ы. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр — 16 дана (28,1%), 5 000 теңгелік банкнотада — 11 дана (19,3%), қалған 14% — монеталар.

Қазақстан Ұлттық банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаның сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазулары бар баспа өнімдерін сатып алуға болатыны туралы жарнамалар да бар екенін ескертеді.

Осыған байланысты, қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде банкнотадағы жазуларға айрықша назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеріп алған жөн.

ақша
ақша
Фото: ұлттық банк
ақша

Майда жазулар өте бұлдыр болады және үлкейтіп қарағанда оқып тануға келмейді.

ақша

Жалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды.

ақша

Патч элементінің көлемі жоқ және жай бояумен басып шығарылады. Ал одан сәулелердің жан-жаққа таралуы секілді голографиялық эффектіні де, номинал бейнесінің ою-өрнекке ауысу құбылысын да байқай алмайсыз.

Қорғаныш жіптің динамикалық және түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосып қарағанда біртұтас емес екеніне көз жеткізуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: