Құрылтай

Сәрсенбі, 22 шiлде, 18:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Елде жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты

22.07.2026

33 0

Фото: Көлік министрлігі

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 979,4 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% артық. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5,1% өсті, – деп хабарлайды KAZINFORM

Жолаушылар тасымалының негізгі үлесі дәстүрлі түрде автомобиль көлігіне тиесілі болды. Автомобиль көлігімен 962,7 млн жолаушы тасымалданды. Алты ай ішінде теміржол көлігінің қызметін — 9,2 млн, әуе көлігін — 7,4 млн, теңіз көлігін — 14 мың жолаушы пайдаланған. Жолаушылар тасымалынан түскен кәсіпорындардың кірісі 0,8 млрд теңге.

— Жолаушылар айналымының ең жоғары өсімі Қостанай облысында тіркелді — 62,7%. Сондай-ақ айтарлықтай өсім Алматы қаласында — 22,3%, Ақмола облысында — 20,6% және Шымкент қаласында — 19,2% байқалды. Алматы облысында жолаушылар айналымы 15,8%, Қарағанды облысында — 14,2%, Жетісу облысында — 13,6%, Батыс Қазақстан облысында — 10% өсті. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында өсім 8,9%, Ақтөбе облысында — 4,6%, Абай облысында — 2,3% болды, — делінген хабарламада.

Жүк тасымалында да оң үрдіс сақталды. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша жүк айналымы өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2% артып, 255,8 млрд тонна-километр.

— Жүк айналымының ең жоғары өсімі Жетісу облысында — 16,3% және Абай облысында — 12,2% тіркелді. Қызылорда облысында көрсеткіш 8,7%, Астана қаласында — 8,5%, Ақтөбе облысында — 6,9%, Түркістан облысында — 5,8%, Ақмола облысында — 4,9%, Ұлытау облысында — 4,6%, Шығыс Қазақстан облысында — 2,5% өсті. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында өсім 1,9%-дан, Алматы қаласында — 0,4%, Қостанай облысында — 0,2% болды, — делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.

Айта кетелік ҚазАвтоЖол ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне маңызды ескерту жасаған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: