Сейсенбі, 23 шiлде, 01:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Нәрестені
құтқаруды ойладым

11.05.2024

637 0

Неонатальды хирургиямен айналыса бастаған кезім. Қалалық перзентханада туа біткен даму ақауларының ішіндегі күрделілерінің қатарына жататын «Жалған диафрагмальды жарық» диагнозымен нәресте дүниеге келді. Шыны керек, мұндай ақаумен туылған балаларға ол кезде ота жасай алмайтын кезім. Тек бізде ғана емес, жалпы еліміздің біраз аймақтарында неонатальды хирургия ретке қойылмаған кез. Осындай қиын кезеңде ұстазымыз Асылжан Ерекешов «Неонатальды хирургияның даму жол картасын» жасап шықты. Сол жол картасы бойынша ақаумен туылған балаларға көмек көрсету мақсатында орталықтар ұйымдастырылды. Біздің орталық Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасында болды. Балақайымызды аман алып қалудың жалғыз жолы –авиация арқылы Шымкент қаласына жеткізу. Күн бұлтты, жаңбыр жауып тұр. Ұшақ ішінде отырмыз. Ұшуға рұқсат жоқ. Егер ұшпасақ, нәрестеміздің әрі қарайғы жағдайы белгілі. Шымкентте күн ашық. Пилоттармен кеңесе келіп, тәуекелге бел будық. Шиеліге дейін желдің әсерінен қалбалақтап зорға жеттік. Ұшақ әрбір теңселген сайын жүрегіміз аузымызға тығылады. Не керек, аман-есен жетіп, балақайдың отасы сәтті өтіп, сауығып елге келді. Шымкент қаласындағы балалар ауруханасына, неонатальды хирург Қайрат Ізбасовқа, реаниматолог Рафик Әміровке алғысым шексіз. Содан кейін ұстазымыз Асылжан Ерекешовтің ұйымдастыруымен 2011 және 2016 жылдары Санкт-Петербург қаласында неонатальды хирургия бойынша білімімді жетілдірдім. Осылайша шетелден және еліміздің орталықтарынан алған білімімізді өз өңірімізде жүзеге асырудамыз.


Болат Маханбетияров,
облыстық балалар ауруханасының хирургия I бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты балалар хирургі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: