Дүйсенбі, 08 шiлде, 09:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Сыр өңірінде «Мөлдір бұлақ» апталығы қорытындыланды

11.05.2024

1022 0

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде
«Мөлдір бұлақ» апталығы қорытындыланды.
Жалпы акцияның мақсаты – табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.
Ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары нәтижесінде су айдындары мен өзен, көлдер жағалаулары және аяқсу арықтарының бойы тазартылды.
«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында 20 мыңнан астам адам, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, жастар және волонтерлер, тұрғындар қатысып, барлығы 245 техника жұмылдырылды.
Тазалық апталығы аясында облыстағы «Сырдария» өзенінің жағалауы, «Аққұмшық» жағажайы, «Кәрібөгет» көпірі, «Лайкөл», «Қамбаш», «Жалаңаш», «Шөмішкөл», «Райым», «Тұщы», «Иіркөл», «Қараөзек», «Әлімкөл», «Жаманкөл» көлдерінің және «Қалғандария», «Елтай», «Шіркейлі», т.б. су арналарының жағалауларына қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы экоакция апталығы аясында су айдындары мен аяқсу арықтары 40 тоннадан астам қоқыстан тазартылды.
Еске сала кетсек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс әкімі Н. Нәлібаевтың экологиялық науқанға аймақ жұртшылығын белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланып, облыс көлемінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылуда.
Облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары тек акция аясында ғана емес аймақтағы барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алған болатын.

Қызылорда облысының әкімдігі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: