Сейсенбі, 06 желтоқсан, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

Футзалдың қызар шағы жақын

22.01.2022

863 0

Жуырда қызғалдақтың отаны Голландияда футзалдан EURO-2022 турнирі бастау алады. Дода ақпанның алтысына дейін созылады.

Бұл жарыс – төрт жылда бір өткізілетін және 16 команда қатысатын алғашқы турнир. Өйткені жарыс бұған дейін екі жылда бір өткізіліп, 2010 жылдан бастап 12 команда қатысқан.

Іріктеу ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы Израиль, Беларусь, Венгрия сынды құрамалармен бақ сынасып, топтан бірінші орынмен шықты. Сөйтіп, топтық кезеңнің жеребесі Нидерландының Зейст қаласында өтті. Ұлттық құрама B тобында Италия, Словения, Финляндиямен бір топқа түсті. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Словениямен өткізді. Тартысқа толы ойында жеңімпаз анықталмады. Есеп: 4:4. Артынша 24 қаңтарда Финляндия, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасының турнирге дайындығы қалай? Кака шәкірттерінің соңғы ойыны көңіл көншітерлік. Оған іріктеу ойындарында және әлем чемпионатынан алып келген төртінші орны дәлел. Команданың белді ойыншылары сапта және жарақатына байланысты 2 ай ойнамаған Лео да келіп қосылды. Ұлттық құрама Еуропа біріншілігіне алғаш рет 2016 жылы қатысқан болатын. Байрақты бәсекеде кәрі құрлықтың бірнеше құрамасынан басым түсіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бұл жылы да еліміздің намысын қорғауға аттанған футзалшыларымыз жүлделі орыннан көрінеріне сенім мол.

К.АҚТАН

Тағы да оқыңыз: