Жұма, 26 сәуiр, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Белгілі теолог Ризабек Батталұлы танымдық дәріс оқыды

30.11.2022

600 0

Танымал теолог, исламтанушы-ғалым Ризабек Батталұлы Қылмыстық-атқару қызметіне қарасты  № 68 мемлекеттік мекемесінде болды. Онда ғалым мекеменің оқшауланған аймағындағы экстремизм, терроризм баптары бойынша сотталған азаматтармен кездесті.

         Бір кездері қоғамда діншілдік белең алып жас та, жасамыс та дінге бет бұра бастаған. Мұның соңы не боларын аңдаған ешкім болмады. Нәтижесінде дін жолына түстік деп теріс ағымның жетегінде кеткендердің санында шек болмады.

         Теріс ағымның ылаңына түскендердің ел ішінде қандай бүлік салғаны, небір оқиғалардың орын алғанын жұртшылық жақсы біледі. Сол уақытта бұл жағдай халықтың үрейін тудырған. Қалай десек те, байқаусызда от басып, онысына кейін өкінгендерде бар. Осы орайда аталған мекемеде теріс ағым салдарынан қателік жасап, істі болған азаматтармен дәріс өткізілді. Дәріс кезінде  жазасын өтеушілерге Құран аяттарының тәфсірі, иман негіздері ақида, хадис ілімі туралы кеңінен мағлұмат берді.  Содан соң, оларды жеке-жеке  қабылдап, теріс діни көзқарастағы адасқан жандардың дінге қатысты ой-пікірін тыңдап, қойған сұрақтарына жауап берді.

ҚР ҚК-тің 256 бабының 2-тармағымен 7 жыл 8 айға бас бостандығынан айрылған Д. есімді жігіт, «намаз оқымайтын адамдар кәпірлер ме?» деген сұрағын қойды.  Исламтанушы ғалым сотталғанға,  күпірлікпен айыптап, тіпті ата-анасы мен өзінің туғандарын намаз оқымағаны үшін жат көріп кетудің дұрыс емес екендігін  әртүрлі мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Яғни, айналамыздағы намаз оқымағандарды жаппай кәпірге шығаруға болмайды. Бұлай санау аса қауіпті. Алла Елшісі: «Кімде-кім бауырына: «Ей, Кәпір!», – десе, ал ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады», – дегенді айта отырып,Нұр-Мүбарак баспасынан  шыққан «Намаз оқымайтын адам – КӘПІР» дейтіндерге жауап» деген кітап мазмұны негізінде тақырыпқа қатысты әһлу сунна ғылымдарының ұстанымын басқа көзқарастармен салыстырыла отырып, теологиялық, діни-құқықтық тұрғыда жан-жақты талдап берді.

Кездесу соңында соталғандар жоғарғы діни ордадан келген,білікті маманмен өткізілген, кездесуден алған  жағымды әсерін былайша жеткізді:

– Бүгін мен бостандықта жүргенде тек әлеуметтік желіден, теледидардан көріп, уағыздарын тыңдаған жанмен кездестім. Ойымдағы күмәнді  сұрақтарыма тұщымды жауап алдым. Діндегі көзқарасым мен пікірімнің,ұстанған бағытымның дұрыс емес екендігін түсіндім. Келген қонаққа және осы кездесуді ұйымдастырған мекеме теологтарына алғысымды білдіремін – деді Ө. есімді  19 жастағы ең жас жазасын өтеуші азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: