Дүйсенбі, 01 шiлде, 02:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімінің бұрынғы орынбасары 8 жылға сотталды

20.05.2024

217 0

Сурет: stan.kz

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға алынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті басшының орынбасарына 200 мың доллар пара бермек болды деген айыппен ұсталды. Содан бері тергеу изоляторында жатқан бұрынғы шенеунік сот барысында өзіне жала жабылғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, керісінше ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Исаховтан ақша бопсалаған.

Даудың бәрі қаладағы жылу құбырын жөндеу үшін өткізілген тендерден басталған. Мемлекеттік сатып алуда жеңген комания Мақсұт Исаховтың үстінен ұлттық қауіпсіздік комитетіне шағым түсірген.

Жарыссөзде Исахов өзін ақтап шығаруын сұраған еді. Ал прокурор пара бермек болды деп айыпталған шенеунікке 8 жыл 5 ай мерзімде бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: