Жұма, 05 шiлде, 01:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

7 сынып оқушысы төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарған

22.05.2024

194 0

Сурет:видеодан скрин

Астанада жетінші сынып оқушысы төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Астана әкімдігінің мәліметінше, қайғылы оқиғаның алдын алған Ақан Әкімжанов №31 мектеп-гимназиясының 7 «Д» сынып оқушысы екен. 

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде, төртінші қабаттағы балконның сыртында, қоршауға асылып тұрған баланы байқайды. Ақан төртінші қабатқа жүгіріп шығып, бес жасар баланы аман алып қалған.

Ақан Әкімжанов өзінің де іні-қарындастары бар екенін, қажет болған жағдайда оларға да осылай көмек көрсетілетініне сенетінін айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: