Бейсенбі, 02 мамыр, 13:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Доптай домалап бір жыл өте шығыпты». Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлына жентебірентер жазба арнады

11.12.2023

472 0

Сурет: massaget.kz

Ақын Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлына арнап, жантебірентер жазба жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл ақынның ұлы өмірден озғанына жыл толды. Серікзат Дүйсенғазы жанашыр жандарын ұлының жылдық асына шақырды.

«Былтыр дәл осы уақытта Әлихан мені мектебіне «Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» деген еңбегін  бірге талдайық, әке» деп шақырған еді. Асығып жүріпті ғой қарғам. Содан бері доптай домалап бір жыл өте шығыпты. Өзінің оқыған N9 «Зерде» мектебінен «Әлихан Мақсұт атындағы физика лабораториясын», «Академия Реал» қазақ-испан мектебінен «Әлихан Мақсұт атындағы робототехника орталығын» ашсақ деп талпынып жатырмыз. Алла сәтін салса, ол күн де алыс емес. Баламның жылдық асын қай уақытта берсем екен деп біраз ойландым. Біреулер ертерек бере берсең болады деді. Бірақ оны өзім қабылдай алмадым. Тәуелсіздік мерекесі, артынша жаңа жыл деп шабылып жүрген елдің бізге мойын бұруға мұршасы болмай қалатынын да  есепке алдым. Ойлана келе асты 3 қаңтарға белгіледім. Өйткені 2 қаңтар күні қас қарая дүниеден өтті. 4 қаңтар күні жамбасы жерге тиді. Оның үстіне 3 қаңтар барлық жер демалады. Оны да ескердік. Сондықтан жанашыр ағайынды Әлиханымның жылдық асына шақырамын. Ата дәстүріміз бойынша соңғы міндетті жиыны ғой. Келіп Құранға қатысыңыздар», – деп жазды ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: