Жексенбі, 30 маусым, 20:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Ғалымдар COVID-19 пандемиясының жаңа кезеңі басталатынын айтты

22.05.2024

130 0

Сурет: Pixabay.com

АҚШ-та FLiRT тобына кіретін КР.2 штаммы таралып жатыр. Деректерге сай, екі апталық кезеңде бұл штамм COVID-19 жағдайларының 28,2%-ына тең болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

Наурыз айының басында бұл көрсеткіш небәрі 3,8% еді. Ал кейінгі апталардағы ең көп таралған екінші штаммы КР.1 болды.

Бұған дейін ДДҰ Flirt нұсқалары Еуропаның 14 елінде және Израильде анықталғанын хабарлады. Дегенмен әзірге жаңа жағдайлардың саны аз тіркеліп жатыр. 

Сонымен қатар Уорвик университетінің қызметкері Лоуренс Янг Ұлыбританияда flirt штамдары АҚШ-тағыдай жаңа коронавирус жағдайларының шамамен бірдей санын құрауы мүмкін екенін айтып, болжам жасады. 

Мұндай жағдайлар Австралияда, Канадада, Үндістанда және Таиландта да кездеседі.

Алайда бірқатар ғалымдар әлемде коронавирусты жаппай жұқтырудың жаңа өсімі екіталай деп отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: