Сенбі, 25 мамыр, 00:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

6 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

06.01.2023

848 0

Сурет ашық дереккөзден

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Егер сіз ұзақ уақыт бойы досыңыздың сізге айтқан сөздеріне немесе әрекетіне ренжіген болсаңыз, мәселені шешудің уақыты келді.

Бүгін майда-шүйде мәселелерде сабырлық пен даналық танытуыңыз оларды тез әрі жеңіл шешуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Әлеуметтік желіден бір күн демалыңыз, бұл сіздің психикалық денсаулығыңызды жақсартуға сеп болады.

Өзіңізден мін іздеуге тырыспаңыз: кемшіліксіз жан болмайды, өз кемшін тұстарыңызды қабылдап, оны артықшылыққа айналдыра біліңіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Егер бүгінгі жұмыс күні ойдағыдай өтпесе, ашуланбаңыз және асығыс шешім қабылдамаңыз, бұл түсінбестік.Реклама

Егер сіз ұзақ уақыт бойы өз бойыңызға салауатты өмір салтын сіңіргіңіз келсе, дәл қазір бастаңыз: күні бойы су ішуді еске салатын қолданбаны орнатып алыңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Өзіңізге үнемдемеңіз, көптен армандаған дүниелерді алатын кез келді. Дүкенге барып, қымбат заттар сатып алыңыз.

Кешке спортпен шұғылданыңыз, оны өміріңіздің бір бөлігіне айналдыруға тырысатын кез келді.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін ащы, майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз: зиянды тағамды тұтынудың жағымсыз салдары болуы мүмкін.

Күннің бірінші жартысында пайдалы істерді тындырасыз. Ақылыңызға жүгінсеңіз, ол сізге қалай әрекет ету керектігі тұрғысынан бағыт береді. Үйдегі тіршіліктерге байланысты жаңа мақсаттар пайда болады.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Бірнеше күнге әлеуметтік желіні пайдалануды шектеп көріңіз. Бұл сіздің эмоционалды күйіңізге өте пайдалы болады.

Жұмыс істеп жатқанда ұялы телефонды көз алдыңыздан алып тастаңыз, сонда өнімділігіңіз айтарлықтай артады.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін өз ата-анаңызды кей қателіктері үшін кешіруге уақыт арнауға болады. Өкпе-ренішті жинауға болмайды. Сол үшін ішіңіздегіні ашық айтып, сыртқа шығаруыңызға болады.

Өз сезімдеріңізді сараптауды үйреніңіз: сізді шын мәнінде не мазалап жүргенін түсінуге тырысыңыз, бұл өзіңізді жақсы сезінуге септік болады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін жақын адамыңызбен арадағы реніштерге жол бермеңіз. Ашуыңызды басып, сабырмен араға бірер күн салып барып, сөйлесіңіз. Себебі, бүгін нәтиже болмауы мүмкін.

Достармен араласу үшін таптырмас күн. Жақындарыңызға күніңізді арнаңыз. Араласпай кеткен достарыңызбен қарым-қатынасты жандандыруға уақыт бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Әріптестермен бейресми қарым-қатынасқа назар аударыңыз: бұл сіздің жақын достарыңыздың шеңберін кеңейтуге әсер етуі мүмкін.

Бүгін сіз болашақта серіктес, дос немесе ғашық болатын жаңа адамдарды кездестіресіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Егер сіз жеке бақшаңыз болуын бұрыннан армандап келсеңіз, алайда сізде жазғы жер үй жоқ болса, көршілеріңізбен келісіп ортақ аулада бірге күтім жасайтын гүлзар жабдықтаңыз. Кішігірім баққа күтім жасау сізді жақындастыра түседі және үлкен қуаныш әкеледі.

Отбасыңыз бен достарыңыздан сізді неліктен жақсы көретінін және бағалайтынын айтуын сұраңыз. Олардың жауабы сізді қуантып, таңғалдырады әрі өзіңізді бағалай түсуіңізге себеп болады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Ешбір жағдайда смартфонға немесе компьютер экранына қараңғыда телмірмеңіз: бұл көру қабілетіңізге кері әсер етеді.

Баланы өз мысалыңызда кітап оқуға баулыңыз. Кішкентай балаларды тартымды суреттері бар, мұқабасы әдемі кітаптармен қызықтыруға болады. Бірақ өзіңіз кітап оқымасаңыз, оны мәжбүрлемеңіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Жақындарыңызбен қарым-қатынасқа назар аударыңыз, мәмілеге келетін уақыт жетті. Ірі жеңіске жету үшін ұсақ-түйек дүниелерге көндігуге де болады.

Өзіңізді алаңдататын ойлардан алшақтататын күн тәртібін жасаңыз: серуендеу, жаттығу, үй жинау, жатар алдында ванна қабылдау – мұның бәрі өзіңізді жеңіл сезінуге мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: