Жексенбі, 30 маусым, 23:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеуші азамат жүк көліктерін жөндейді

27.05.2024

236 0


         Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде  жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту үздіксіз жүргізілуде.  Қазіргі таңда мекемедегі 130-ға жуық сотталған қала ішіндегі жеке кәсіпкерлерде келісім -шарт негізінде жұмыс жасайды. Солардың бірі Болат есімді сотталған үлкен жүк көліктерін жөндеумен айналысады.
         – Бұл мекемеде жұмыс жасап жатқаныма 1 жылдай болды. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Ер адам болғасын машина жөндеу жұмысы қолымыздан келеді. Жалақымыз уақытылы төленеді. Зейнетақы қорының аударымдары жөнінде де осылай дей аламын. Сондықтан осы жұмысқа бірден келісе кеттім. Жалақымнан артылғанын отбасыма да жіберіп тұрамын. Өз ісімнің маманымын деп айта аламын. Абайсызда жол көлік оқиғасын жасап, істі болдым. Жазамды өтеп, бір жағынан жұмыс жасап, жалақы алып жүргенім қуантады. Бостандықта екі қолға бір күрек таппай сандалып жүргендер де жетерлік. Бір байқағаным мекеме әкімшілігі осындағы жазасын өтеушілердің қандай мамандыққа икемі барын анықтап, жұмыс көздерін тауып орналастырады. Жұмыс орнымызға сағат 9-да барып кешкі 6- ға дейін жұмыс жасаймыз. Бір жағынан ойымыз бөлінеді. Бостандықтың қадірін түсініп жатырмыз деді Болат есімді сотталған.

  • Сот үкімімен жазасын өтеуге жіберілген әрбір сотталған толық зерделенеді. Олардың икем-дағдыларына, білім-біліктеріне қарай жұмысқа орналастырамыз. Сотталғандар еңбек ету арқылы мемлекетке, сот орындаушысына немесе жәбірленушіге берешегін өтеп, ал, ешқандай қарызы жоқ еңбек етуші жалақысының жартысын отбасына жіберіп, қалған бөлігін өз қажеттілігіне жұмсайды,-дейді мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты Азиза Асылханқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: