Сенбі, 06 шiлде, 13:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

«Тоғыз жігіт оққа ұшқан»: Ақтөбедегі атысқа ұласқан төбелестің неден шыққаны белгілі болды

29.05.2024

346 0

Адам өлімімен аяқталған төбелеске қатысты төрт жігіт қамауға алынды.

Ақтөбедегі соңы қайғылы оқиғамен аяқталған төбелестің егжей-тегжейі анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

КТК-ның жазуынша, ауруханаға бір мезетте оққа ұшқан тоғыз жігіт жеткізілді. Барлығы аяғынан жараланған. Ал, бір науқасқа оқтан бөлек бірнеше жерінен пышақ сұғылған. Жағдайы тым ауыр болған 18 жастағы жігітті дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмаған.

«Бірінші 18 жастағы ауыр жарақаттанған науқасты алып келді. Ол клиникалық өліммен жеткізілді. Реанимациялық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, ол қайтыс болды. Қалған сегіз адамның жағдайы тұрақты, емделіп жатыр», деді Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Жасұлан Орымбаев.

18 – 22 жастағы жастар мал базары маңындағы жанармай бекеті жанында жаппай төбелескен. Артынан қару алып атысуға дейін барыпты. Жаппай төбелес кезінде қаза тапқан студент өндірістік тәжірибеден оралған күні екен. Оқытушылары бұған дейін қақ-соқпен ісі жоқ оны «қосақ арасында кетті» деп отыр.

«Практикада жүрген. Технологияда практикада жүріп, келіп есебін тапсыруға тиіс болатын. Тәжірбиені өзінің тұрған жері Шалқар ауданы, Бозой елдімекені КС стансасында өткізді. Сол екі ортада бүгін түнде осындай жағдайды естіп отырмыз. Ол тек бір отбасының ғана емес, біздің оқу орнының қайғысына айналып отыр», деді  Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің директоры Жеңіскүл Мұхамбетпайызова.

Адам өлімімен аяқталған төбелеске қатысты төрт жігіт қамауға алынды. Тергеу басталды.

«Полиция осы қылмыс жасады деген күдікпен 4 азаматты ізін суытпай анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деді Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Бүгінде жараланған сегіз жігіттің палатасына күзет қойылған.

Куәгерлердің сөзінше жанжал бозбаланың бірінің аяғын басып кетуден басталған. Артынша екі жақ жақтастарын жинап қару-жарақ қолданылған жаппай төбелесті ұйымдастырып, қайғылы оқиғамен аяқталған.

Фото: Pixabay

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: