Жексенбі, 19 мамыр, 23:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

18 жастағы жігіт әжесін алдап, несие алғызған

08.05.2024

427 0

Сурет: stan.kz

18 жастағы жігіт сот үкім шығарды. Немересі әжесінің атына 628 мың теңгеге қарыз рәсімдеген. Ақтөбелік зейнеткер бұл туралы банктен қоңырау шалғаннан кейін ғана білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбенің 18 жастағы тұрғыны әжесінің сенімін пайдаланып, оның смартфонынан 40 мыңнан 208 мың теңгеге дейін онлайн-кредиттер ресімдеген. Осылайша әйелде 628 мың теңге қарыз жиналған. 

Жақын адамына алданған әйел қазір несиесін өтеп жатыр. Бұл ретте сотта ол соттан немересін қатаң жазаламауды сұраған. 

Дегенмен жігіт бас бостандығынан айыру жазасынан қашып құтыла алмады. Жәбірленуші оны кешіргенін айтты. Алайда жігіттің бұған дейін соттылығы мен шартты мерзімі бар екені белгілі болды. Оған бүған дейін тонағаны және ұрлық жасағаны үшін ювеналды сот 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Сот бұл деректі алаяқтық үшін жаза тағайындау кезінде ескеріп, айыпталушыны 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: