Сәрсенбі, 03 шiлде, 10:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Ресей сарапшылары қазақстандық балмұздақтың құрамынан ішек таяқшаларын тапты

31.05.2024

425 0

Сурет:Freepik.com

Ресейлік сапаны бақылау ұйымы қазақстандық балмұздақ брендінің өнімдерінде ішек таяқшалары барын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сарапшылар 38 өндірушінің тәттілерін зерттеген, олардың ішінде 37 ресейлік брендтің және бір қазақстандық – “Шин Лайн” брендінен «Мишка на полюсе» балмұздағы бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, 29 өндірушінің өнімдерінен әртүрлі зиянды қоспалар анықталды.

Сапаны бақылау ұйымы қазақстандық «Шин Лайн» компаниясының «Мишка на полюсе» балмұздағынан және «Ермолина» балмұздағынан ішек таяқшаларын тапқан. Сарапшылар мұндай бактериялар термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерде болуы мүмкін екенін атап өтті. Ішек таяқшасы балмұздаққа өнімді өндіру технологиясы бұзылса, жеткізу және сақтау кезеңінде қаптаманың бүтіндігі бұзылса түсуі мүмкін.

«Шин Лайн» компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» тәуелсіз зертханасының қорытындысы бойынша «Мишка на полюсе» балмұздағынан ішек таяқшасы табылмағанын хабарлады. 

«Шин-Лайн компаниясының сарапшылары жазда микробиологияға қатысты шағымдардың себебі көтерме және бөлшек сауда нүктелеріндегі жүктерді тасымалдау және сақтау талаптарының бұзылуынан болуы мүмкін деп санайды», – делінген компанияның хабарламасында

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: