Дүйсенбі, 01 шiлде, 01:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Жаз айларында күн райы қалай болмақ?

31.05.2024

409 0

Маусым айында Қызылорда облысында ауа райының орташа айлық температурасы 26,9 – 28,9 °C болып, қалыпты жағдайдан 1 градус жоғары болады деп күтілуде. Ал шілде, тамыз айларында әр түрлі деңгейде өзгеріп тұрмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының метеоболжау бөлімінің инженері Мағжан Сәдуақасов айтты.

– Маусымның бірінші онкүндігінде температура түнде 14–19 °C-тан 22–27 °C-қа дейін, күндіз 30–35 °C-тан 38–43-ке дейін көтеріледі. Екінші онкүндікте түнде 22–27 °C-тан 15–20-ға, күндіз 38–43 °C-тан 30–35-ке дейін өзгереді. Үшінші онкүндіктің басында түнде 15–20 °C, күндіз 30–35 °C болады. Кейінірек түнде 20– 25 °C, күндіз 35–40 °C-қа дейін барады, – дейді Мағжан Ғалымұлы.

Ал жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың көп бөлігінде нормадан аз болады деп болжануда. Солтүстік және оңтүстік-шығыста норма шамасында болуы мүмкін. Өткінші жаңбыр мен найзағай бірінші және үшінші онкүндіктің соңында күтіледі. Шаңды дауыл бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің басында және ортасында болады. Шілде және тамыз айларында ауа температурасы қалыпты, жауын-шашын мөлшері азаяды.

Абылайхан ТҰРСЫНҒАЛИ,

Қорқыт ата атындағыҚызылорда университетінің студенті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: