Сейсенбі, 23 шiлде, 00:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

04.06.2024

1164 0

Сурет:stan.kz

Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 миллион доллар (29,5 миллиард теңге), ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі компания шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қойған. Сол залалды өтеу қажет болды.

2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаевтың меншігіне өткен екен.

26 ақпанда Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: