Сенбі, 04 мамыр, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы бойынша 183 рұқсат құжаты берілді

24.04.2023

513 0

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінде «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес электрондық түрде мемлекеттік қызметтердің 5 түрі бойынша қызмет көрсетіледі. Оның ішінде департаментпен 4-еуі, ал аумақтық басқармалармен 2 қызмет түрі беріледі.  Қызметтің барлығы да «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бойынша 2023 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен халықтардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы барлығы 183 рұқсат құжаттары берілді, оның барлығы  Е-лицензиялау бағдарламасы арқылы көрсетілді. Өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғандағы көрсеткіштер  мемлекеттік қызметтерді алушылар қатары артқандығын көрсетеді. Басым көпшілігі «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» қызметіне жүгінген – барлығы 106 құжат.

Оның ішінде,«Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу» бойынша 94 қызмет көрсетілсе, «Санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғау аймағының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу» бойынша 12 құжат берілген. «Шикізат пен өнімге арналған нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу» бойынша өтініштер келіп түскен жоқ.

«Эпидемиологиялық жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды» алу бойынша 77 қызмет көрсетілсе,«I-IV патогенді микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру үшін рұқсат құжаттары берілген жоқ.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету барысында облыс бойынша 137 өтініш иесіне дәлелді бас тартумен жауап берілді. Былтырғы жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартулар саны  104 құраған болатын.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармалары тарапынан  түсіндірме жұмыстары, ақпараттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіледі.  Департамент мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылау мен мониторинг жүргізіледі.Сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру бағытында құқықтық семинарлар тұрақты ұйымдастырылады.

Динара ЖАНАБЕРГЕНОВА,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: