Жексенбі, 05 мамыр, 01:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

8 ақпанда бүкіл Қазақстанда сирена қосылады

07.02.2024

271 0

Сурет: stan.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Ертең сағат 12:55-те Қазақстанның барлық қаласында дабыл жүйесін тексеру үшін электр сиреналары қосылады. Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды сабырға шақырып, үрей мен қауесеттерге сенбеуін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомствоның хабарлауынша, 8-9 ақпан аралығында елімізде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. 

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірде профилактикалық іс-шаралар кешені өтеді.

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпанда, сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз”, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: